Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Учаске”: Маңғыстау облысында 3 мыңнан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды

Маңғыстау облысында “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері үш мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының аумағында ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы басталды.

Шара барысында полиция қызметкерлері көпқабатты және жеке тұрғын үйлерді, пәтерлерді, соның ішінде саяжай учаскелерін де аралады.

Іс-шара басталғаннан бері 400-ден астам жалдамалы пәтер тексеріліп, тағы 84 пәтер рейд кезінде анықталды, сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарына 86 ақпарат жолданды.

Тәртіп сақшылары базарларда және өзге де сауда орындарында рейдтер жүргізді, онда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 218 адам анықталып, ұсталды және қабылдау-бөлу орнына орналастырылды.

Қайыршылық пен қаңғыбастық үшін 400-ден астам кәмелетке толмаған бала ұсталды. Оның ішінде төрт кәмелетке толмаған бала алкогольдік ішімдіктер ішіп, қоғамдық орындарға масаң күйде жүрген, 91 – заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болған, сонымен қатар 317 – қаңғыбастығы үшін және 42 – қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін ұсталды.

Полицейлер рейд барысында ІІО есебінде тұрған адамдарды тексерді.

Сондай-ақ, ІІО қабылдаушы тұлғаларының өздеріне келетін көшіп келушілер туралы жеке тұлғалардың уақтылы хабарламауының тоғыз фактісі анықталды.

Статистика бойынша, Маңғыстауда Ішкі істер органдарының есебінде 3361 азаматтық қару иесі тұр. “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында қаруды сақтау ережелерін бұзудың 50 фактісі тіркеліп, оның ішінде сегіз қару тәркіленді. 12 тұрғын қаруды тіркеу және қайта тіркеу мерзімін бұзып, екі қару тәркіленді. Шара барысында бес тіркелмеген атыс қаруы анықталып, тәркіленіп алынды.

Аталған кезеңде 3 200 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабына сәйкес отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 118 азамат тартылды, сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамаған 56 ата-ана мен заңды өкілдер жауапкершілікке тартылса, белгіленбеген орындарда сауда жасаған 80 құқық бұзушылық анықталды. 149 адам ұсақ бұзақылық үшін, 419 адам – жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін, 11 адам – қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін және 426 азамат – алкогольдік ішімдіктер ішкені немесе қоғамдық орындарға алкогольдік масаң күйде жүргені үшін тартылды.

Полиция қызметкерлері ел аумағында тіркеусіз тұратын 700-ден астам адамды анықтады, тұрғын үй иесінің немесе басқа тұлғалардың нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беру бойынша алты құқық бұзушылық (ҚР ӘҚБтК-нің 493-бабы) және шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың халықтың көші-қоны саласында 139 құқық бұзушылық тіркелді.

Аталған іс-шара ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру