Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада «Барон» атты қызметтік ит ұрлықты ашуға көмектесті

Ақмолада «Барон» атты қызметтік ит ұрлықты ашуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 қыркүйек Зеренді ауданының полиция бөліміне Көкшетау қаласының 46 жастағы тұрғынының ағымдағы жылғы 16-20 қыркүйек аралығында Еңбекбірлік ауылындағы гараждан белгісіз тұлғалар тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап кеткендігі туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 200 мың теңгені құрады.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты, оның құрамында «Барон» атты қызметтік-іздестіру итімен полиция старшинасы Дамир Шиндаулетов болды. Полиция қызметкерлері оқиға орнын тексерді. Қызметкердің төрт аяқты «көмекшісі» гаражда аяқ киімнің іздерін тауып, полицияны 2 шақырым қашықтықта орналасқан басқа ауылға бағыттады.

Қызметтік ит тәртіп сақшыларын Ескенежал ауылының аулаларының біріне алып келді. Өзін таныстырған полиция старшинасы үй иесімен әңгімелесті. Сарайдағы аумақты тексеру кезінде полиция ұрланған ТМҚ-ның бір бөлігін тапты. Үй иесі оларды інісі әкелгенін айтты.

Есенжал ауылының 19 жастағы тұрғыны бұл әрекетін мойындап, 20 жастағы досымен бірге тауар-материалдық құндылықтарды ұрлап, оларды металл қабылдау пунктіне тапсырғанын түсіндірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Процессуалдық мәжбүрлеу шарасы «келу міндеттемесі» таңдалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

– Барон – иіс ізімен адамды іздейтін қызметтік ит. Бұл неміс овчаркасы, ол қазір оқу сатысында және жақсы нәтиже көрсетуде. Шамамен үш ай бұрын мен оны ҚР ІІМ Кинологиялық орталығынан алдым. Итпен жұмыс істеу оңай емес, белгілі бір дағдыларды, білімді қажет етеді. Сіз итті сезініп, оның мінезін біліп, үнемі жаттығуы керек. Сонда ғана жұмыс сәтті болады, – дейді полиция старшинасы Д. Шиндаулетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру