Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкшетаудың екі тұрғыны танысының ноутбугын ұрлап кетті

Көкшетаудың екі тұрғыны танысының ноутбугын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көкшетау қаласының Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері бұрын жасалған қылмысты ашты. 16 қыркүйекте полицияға қаланың 25 жастағы тұрғыны 15 қыркүйек сағат 22:30-дан 16 қыркүйек сағат 01:10-ға дейінгі аралықта белгісіз тұлғалар үйге терезе арқылы кіріп, “Аѕuѕ” маркалы ноутбукты ұрлап кеткені туралы арызданған. Шығын сомасы 120 мың теңгені құрады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар жәбірленушінің бұрын таныс болған 28 жастағы және 19 жастағы облыс орталығының тұрғындары. Заттай дәлелдемелер алынды. Күдіктілер Көкшетау қаласының УҰИ-не қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру