Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері 15 бас малды құжатсыз тасымалдаған жүргізушіні анықтады

Түркістан полицейлері 15 бас малды құжатсыз тасымалдаған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ полицейлері мал ұрлығының алдын алу мақсатында, аудан аумағында рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға негізінен жергілікті полиция бөлімшесінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Рейд кезінде полицейлер аудан төңірегіндегі мал бағатын қожалықтарды, үйлерді аралап, таңбалау-сырғалау жұмыстарын қадағалап , құжаттарына тексеріс жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар ауылдар мен аудан аралығындағы жол қатынастарында мал тасымалдаушы көліктерді тексеріп, нәтижесінде Құркелес ауылынан «Газель» маркалы автокөлігімен ветеринарлық куәліксіз, құжатсыз 15 уақ малды заңсыз тасымалдау жайтын анықтады. Осыған орай ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша құжаттары жинақталып, әкімшілік шара қолдану мақсатында аудандық ветеринарлық инспекцияға жолданды.

Сарыағаш аудандық полицейлері мұндай рейдтік іс-шаралар жиі-жиі өткізіліп тұратындығы туралы хабарлайды. Сондай-ақ мал ұстаушы аудан тұрғындарына келеңсіз жағдайлар орын алмас үшін , өз жеке меншік малдарының қараусыз немесе бақташысыз жүрмеуін қадағалауды және ветеринарлық құжат рәсімдеп, түгел таңбалап сырғалау жұмыстарын жүргізу керектігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру