Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері 15 мыңнан астам ұсақ құқық бұзушылық фактісінің жолын кесті

Ақмола полицейлері жылдың басынан бері 15 мыңнан астам ұсақ құқық бұзушылық фактісінің жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері үшін басым міндеттердің бірі ұ сақ құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктерге «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша жұмыс болып табылады және оң нәтижелер береді.

Ақмола облысы ПД ЖПҚБ-да атап өткендей, 2021 жылдың басынан бастап полиция қызметкерлері 3 979 ұсақ құқық бұзушылықтың жолын кесті. Тек «ұсақ» бұзақылық жасағаны үшін полиция қызметкерлері 339 бұзушыны ұстады. Сонымен қатар учаскелік инспекторлар тыныштықты бұзудың 1 740 фактісін анықтады. Қоғамдық орындарда темекі шегу ережелерін бұзғаны үшін 414 адам жауапкершілікке тартылды, 7 802 алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылар, сондай-ақ қоғамдық орындарда азаматтарға тиіскені үшін 1 139 адам ұсталды.

Ұсақ құқық бұзушылықтарды анықтауда облыс орталығындағы Көкшетау қаласының ПБ Жедел басқару орталығының жұмысы үлкен көмек көрсетеді.

Бейнебақылау камераларының көмегімен ағымдағы жылы қалада 17 745 әкімшілік заңнаманы бұзушылықтың жолы кесілді, оның ішінде 949 ұсақ бұзақылық фактісі, 1258 ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде болу фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру