Атырау облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 9 шетел азаматы анықталды
Атырау облысында заңсыз еңбек етіп жүрген 9 шетел азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қыркүйекте басталған «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысы Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудандағы шалғай елді-мекендер мен қыстақтарды тексерді.
Нәтижесінде, шалғай жатқан қыстақтарда тіркеусіз жүрген Қазақстан Республикасының 12 азаматы анықталып, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабына сай хаттама толтырылды. Сонымен қатар тіркеусіз жүрген 9 шетелдік анықталып, оларға жұмыс беруші тұлғаларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылды.