Шымкенттік полицейлер 5 қылмысқа қатысы бар қалта ұрысын ұстады
Шымкенттік полицейлер 5 қылмысқа қатысы бар қалта ұрысын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаментіне жергілікті тұрғындар қоғамдық көліктерде, адам көп шоғырланған жерлерде сөмкеден ұялы телефон ұрланғаны туралы арыздар келіп түскен.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде Түркістан облысының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті азаматтың осыған ұқсас 5 қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Тексеру амалдары жүргізілуде.