Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Автокөлікті айыптұрақтан шығарып беремін»: Түркістан полицейлері алаяқты ұстады

Түркістан полицейлері тұрғынды алдап кеткен алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласы ПБ жергілікті тұрғын әйел арызданып келді. Жәбірленушінің айтуынша, бұрын соңды таныс емес азамат айыптұраққа қойылған атокөлігін шығарып беремін деп сендіріп, 300 мың теңгесін қолма-қол алған. Ал қазіргі таңда күдікті жәбірленушінің не ақшасын қайтармай, не уәдесінде тұрмағанын айтып шағымданды.

Аталған жайт ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні табуға бағытталған жұмыстардың барлығын атқарды. Осылайша, полиция қызметкерлерінің атқарған жедел шараларының нәтижесінде, небары тәулік ішінде алаяқтық жайтына қатысы бар Шәуілдір қаласының тұрғынын ұстады. Ол орта жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру