Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты

Түркістан полицейлері жол-көлік оқиғасын жасаған мас жүргізушіні жауапқа тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-нің полиция қызметкерлері мас күйінде көлік жүргізудің кезекті жайтын анықтады. Батыс Қытай – Батыс Еуропа тас жолы бойында жол-көлік оқиғасы орын алған. Белгілі болғандай, Mercedes автокөлігі жол шетінде тұрған КамАЗ автокөлігімен соқтығысқан. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ, алайда көліктерге материалдық шығын келген.

Тексеру кезінде тәртіп сақшылары Mercedes жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарғанын анықтады. Тәртіп бұзушы медициналық куәландыруға жеткізілді, ол мас болудың орташа дәрежесін көрсетті. Аталған факт ҚР ҚК-нің 346-бабы (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Полицейлердің анықтауынша, жүргізуші бұдан алдында ішімдік ішіп, көлік тізгіндегені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы (Алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі жүргізушінің көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамға беруі) бойынша жауапқа тартылған. Сол кезде сот ЖҚЕ-ні бұзғаны үшін жергілікті тұрғынды 3 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырғанын анықтады. Өз қателігінен қорытынды шығармаған жүргізуші мас күйінде рульге қайта отырған.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде күдікті ер адамға “күзетпеу ұстау” бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру