«Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету»: елордалық полицейлер брифинг өткізді
Елордалық полицейлер жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында брифинг өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нұр-Сұлтан қ. ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков «Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік оқиғаларының алдын-алу үшін қабылданып жатқан шаралар және жол қозғалысын ұйымдастыру» тақырыбында брифинг өткізді.
Жол-көлік оқиғаларын талдау негізінде ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша көлік оқиғаларының былтырғы жылмен салыстырғанда 47,9%-ға өсуі байқалады.
Алайда, 2020 жылы пандемия кезінде көлік қозғалысының шектелуін және халықтың оқшаулануын ескере отырып, 2019 жылмен салыстырғанда төмендеген. 2018 және 2019 жылдардағы көлік оқиғаларын зерттей келе, ЖКО мен құрбандар санының жыл сайын тұрақты төмендеуі байқалады.
Жол ережесін бұзғандарды анықтау мен жауапкершілікке тарту – жол-көлік оқиғаларының санын азайту үшін қолданылатын шара.
Ағымдағы жылдың сегіз айында жүргізушілер тарапынан 108 мыңнан астам құқықбұзушылық тіркелді. Оның ішінде, алкогольдік мас күйінде көлік жүргізген 874 жүргізуші, екі мыңнан астам жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту ережесін бұзған, жол айрығын бұзған бес мыңнан астам бұзушы мен қарсы жолаққа шыққан 258 жүргізуші анықталды. Жыл басынан бері 1 167 азамат көлік жүргізу куәлігінен айырылып, 849 адам әкімшілік қамаққа алынды.
Жүргізушілер арасындағы жол-көлік оқиғаларының алдын-алуда бейнекамералар маңызды рөл атқарады. Қалада алты мың астам «Сергек» камералары орнатылды, олармен 805 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу фактілері тіркелді.