Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда Lexus автокөліктерінен бүйір айналарын ұрланған ер адам ұсталды

Павлодарда Lexus автокөліктерінен бүйір айналарын ұрланған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірінші өтініш полицияға 16 қыркүйекте келіп түсті. Академик Шөкин көшесіндегі үйдің ауласында түнгіге тұрақтаған Lexus ES-250 маркалы автокөліктен бүйір айналары ұрланған. Шығын 270 мың теңгені құрады. Екі күн ішінде полицияға тағы осындай 5 өтініш түсті.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері автокөліктен ұрлық жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол аймақтағы зауыттардың бірінде жұмыс істейтін 30 жастағы павлодарлық болып шықты. Негізінен ол тек Lexus маркалы көліктерден бүйірлік айналарды ұрлап, оларды жертөлесіне жинай берген. Әр айнаға қай көліктен ұрланғанын жазып қойған. Ұсталған азаматтың өзі Lexus автокөлігінің иесі болып табылады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.

Ұсталған азамат тұратын үйдің жертөлесінде полицейлер жеті жұп бүйірлік айнаны тәркіледі. Ер адам бұл қылмыстарды қызығушылық үшін ғана жасағанын түсіндірді.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының УҰИ-не қамалды. Оның басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру