Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кездесулер өткізуде

Ақмола полицейлері сотталғандардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кездесулер өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Ақмола облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп ЕЦ-166/23, сондай-ақ ЕЦ-166/4 мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандармен есірткінің заңсыз айналымы саласындағы қылмыстық заңнаманың жаңалықтары бойынша құқықтық түсіндіру жұмысын ұйымдастырды.

Құқықтық сауаттылықты арттыруға және есірткіге теріс қатынасты қалыптастыруға бағытталған топтық және жеке әңгімелесулер өткізілді.

Ақмола облысының аумағында барлығы 2295 сотталған жазасын өтеп жатқан 6 мекеме орналасқан. Аталған санның 266-сы есірткіге байланысты қылмыс жасағаны үшін түзеу мекемесінде мерзімін өтеуде.

Бұған дейін есірткі полицейлері пенитенциарлық жүйенің қызметкерлерімен кездескен.

Іс-шаралар ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде өткізіледі, осындай кездесулер ҚАЖД барлық мекемелерінде өткізілетін болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру