Жаңақала аудандық пробация қызметінде биометриялық терминал орнатылды
Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық пробация қызметінде биометриялық терминал орнатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 21 қыркүйек күні Жаңақала аудандық пробация қызметінде биометриялық терминал орнатылды. Биометриялық терминалдың жұмысымен танысу үшін Жаңақала ауылдық округінің әкімі А. Ахметов және аудан прокурорының көмекшісі Ж. Ермеков пробация қызметінде болды.
Биометриялық терминалды орнату мақсаты – пробация қызметі есебінде тұрған сотталғандардың жүріс-тұрысын бақылауды оңтайландыру және пробация қызметін жетілдіру, оны ашық түрде жүргізуге бағытталған. Биометриялық терминал пробация қызметінің жұмысына пайдалануға және қызметкерлердің жұмысын жеңілдетіп, қылмыс жасауға бейім сотталғандармен профилактикалық жұмыс жүргізуге оң әсерін береді. Сонымен қатар қызметкерлердің уақытын үнемді пайдалануға ыңғайлы құрылғы болып табылады.