Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда қайтадан мас күйінде көлік жүргізген ер адам екі жылға бас бостандығынан айырылды

Түркістанда мас күйінде көлік жүргізген ер азаматқа қатысты сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қадағалау бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде Отырар АПБ ЖПҚ қызметкерлері тәртіп сақшыларына күдік тудырған “Лада-212140” маркалы автокөлігін жолда тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер автокөлік иесінің мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады. Медициналық қорытындыға сәйкес, ер азаматтың мас күйінде басқарғаны белгілі болды.

Сонымен қатар, 2021 жылдың мамыр айында сот шешімімен жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін үш жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылған. Алайда, жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, жол ережесін қайталап бұзып, мас күйінде көлік басқарған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚК 346-бабы (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша іс-құжаттар жинақталып, Отырар аудандық сотына жолданды. Сот жүргізушіні кінәлі деп танып, екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтауға және мас күйінде көлік басқармауға кеңес береді. Жүргізушілер есіңізде болсын: сіздің өміріңіз ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларының саулығы сіздің Жол қозғалысы ережелері мен жолдардағы тәртіпті сақтауыңызға байланысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру