Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында төрт ай ішінде полицейлер заңсыз айналымнан 243 келі есірткіні тәркіледі

Ақтөбе облысында төрт ай ішінде полицейлер заңсыз айналымнан 243 келі есірткіні тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 1 маусым мен 30 қазан аралығында республика аумағында “Қарасора-2021” жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі.

Жедел алдын алу іс-шараларының негізгі міндеті – есірткі өсірумен, дайындаумен, сатумен, сақтаумен, контрабандамен, экспорттаумен айналысатын адамдарды анықтау және ұстау.

2021 жылғы 1 маусым мен 24 қыркүйек аралығында жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында 72 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 28 қылмыс және есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу саласындағы 44 қылмыстық теріс қылық.
Нәтижесінде алынған және заңсыз айналымға жіберілмеген есірткілердің салмағы 243 келіден асты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру