Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Екібастұзда полицейлер кәріз люктерін ұрлаған үш ер адамды құрықтады

Екібастұзда полицейлер кәріз люктерін ұрлады деген күдікпен үш ер адамды құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері сағат 02:20 шамасында Марғұлан көшесіндегі металл қабылдау базасының жанында үш ер адам болған Toyota Carina маркалы автокөлігін тоқтатты. Жүк бөлігін тексеру кезінде кәріз люктерінің қақпақтары мен жиектері табылды. Ер адамдар ұсталып, одан әрі тергеу үшін Полиция басқармасына жеткізілді, онда тәркіленген металл ұрланғаны анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция металды қабылдау пункттері бойынша профилактикалық рейдтер тұрақты негізде жүргізілетінін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру