Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жиһаз шебері” түркістандық тұрғынды алдап кетті

Түркістан полицейлері интернет желісі арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Төлеби ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз адам “OLX” интернет желісі арқылы ас бөлме жиһазын жасап беремін деп, 100 мың теңгесін алдын ала алған. Ал, күдікті ақшаны алған бойда ізін суытқан. Аталған жайтты полицейлер ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, іздеу жұмыстарын бастады.

Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні ұстау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасалды. Нәтижесінде полицейлер, күдікті ер адамды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 
Белгілі болғандай, жәбірленуші азаматша күдіктімен интернет желісі арқылы танысқан. Содан соң ол түрлі жарнамаларды жіберіп сеніміне кірген. Осылайша алаяқтық жолмен 100 мың теңге ақшасын алып, өзінің бас пайдасына жұмсап жіберген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жақын таныс емес адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Несие болмаса басқа да әлеуметтік және материалдық көмектер алуға көмектесемін деушілерге алданбаңыздар деп кеңес береді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның “102” телефонына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру