Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеген ойынхана анықталды
Шымкентте түнгі уақытта жұмыс істеген ойынхана анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлермен қауіпсіздік шараларын күшейту мақсатында жүргізілген рейд кезінде түнгі сағат 01:27-де аудан аумағында орналасқан ойынхана карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс жасап, келушілерді қабылдап жатқандығы анықталды.
Аталған жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Шымкент қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.