СҚО полицейлері білім беру мекемелерінің қызметкерлерін теракт болған жағдайда әрекет ету тәртібімен таныстырды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері білім беру мекемелерінің қызметкерлерін теракт болған жағдайда әрекет ету тәртібімен таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Студенттердің қауіпсіздігі мен теракт болған жағдайда қызметкерлердің әрекет етуге дайындығы жайлы полиция қызметкерлері мен Kozybayev University (СҚУ) қызметкерлері арасындағы кездесу барысында талқыланды. Кездесу ZOOM бейнеконференциясы арқылы онлайн режимінде өтті. Оған 75-тен астам адам қатысты: СҚО Полиция департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, сонымен қатар оқу корпустары мен жатақханалардың коменданттары, қауіпсіздік күзетінің қызметкерлері, оқу корпустары мен жатақханалардың вахтерлары, факультет декандарының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, кафедра лаборанттары, оқу орнының азаматтармен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ететін басқа да бөлімдердің қызметкерлері. Полицейлер дағдарыс жағдайы туындаған жағдайда террористік тұрғыдан осал объектілердің қызметкерлерінің қалай әрекет етуінің тәртібі туралы айтты. Кездесу барысында бейнероликтер мен инфографикалық слайдтар көрсетілді.
– Ұқсас сабақ Ескендір Дәуітов атындағы Петропавл қаласындағы қызмет көрсету саласы колледжінде өткізілді, – деді Солтүстік Қазақстан облысы ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев. – Мұндай кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Әр қызметкер дағдарысқа қалай әрекет ету керектігін білуі керек. Биыл 30-дан астам осындай кездесу өтті, екі мыңнан астам адам қатысты. Сонымен қатар, білім беру мекемелері терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне жүйелі түрде тексеріледі. Жыл басынан бері техникалық жағынан нығайтылудың кемшіліктері үшін террористік тұрғыда осал объектілердің бес басшысы жауапқа тартылды.