Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айырылған ақтөбелік жүргізуші тағы да мас күйінде ұсталды

Көлік жүргізу құқығынан айырылған ақтөбелік жүргізуші тағы да мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде сағат 17: 30 шамасында Тургенев көшесі мен Бейбітшілік даңғылының қиылысында патрульдік полиция қызметкерлері 27 жастағы Құрайлы ауылының тұрғыны басқарған «Ваз-21124» автокөлікті тоқтатты.

Ол жүргізуші куәлігінен айырылған бола тұра, көлікті мас күйінде басқарған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жүргізушілерден жол-көлік оқиғаларына жол бермеуді және өзінің өмірі мен денсаулығын, жақындары мен туыстарының амандығына мұқият болуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру