Қарағанды облысында "Мас жүргізуші" ЖАШ кезінде мас күйінде көлік жүргізген 32 адам анықталды
Қарағанды облысында "Мас жүргізуші" ЖАШ кезінде мас күйінде көлік жүргізген 32 адам анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қарағанды облысында 24-26 қыркүйек аралығында "Мас жүргізуші" жедел -профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Осы аралықта полицейлер 3550 жол ережесін бұзушылықты анықтап, 32 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталды.
26 қыркүйекте Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Ермеков көшесінде сағат 1.30 шамасында 26 жастағы жүргізуші басқарған көлікті тоқтатты. Жеке басын тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден алкогольдің иісі шыққанын байқаған. Сараптама ер адамның алкогольдік мас күйде болғанын анықтады.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ер адамның 2018 жылғы ақпанда осындай құқық бұзушылық үшін жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын мас күйінде басқаруы) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.