Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны көршісінің үйінен 3 миллион теңгеге жуық тұратын әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны көршісінің үйінен үш миллион теңгеге жуық тұратын әшекей бұйымдарды ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамызда елді мекендердің бірінің 26 жастағы тұрғынынан Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне өтініш түсті. Белгісіз біреу оның жоқтығын пайдаланып, ашық тұрған терезеден жеке үйге кіріп, алтын бұйымдарды ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 2 млн 800 мың теңгені құрады. ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

23 қыркүйекте криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті, жәбірленушінің 37 жастағы көршісі анықталып, ұсталды. Ол кінәсін мойындап, айғақты заттың бір бөлігі тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру