Шымкенттік полицейлер «қайтарымсыз ақша әперемін» деп алдап кеткен әйелді анықтады
Шымкенттік полицейлер қайтарымсыз ақша әперемін деп алдап кеткен әйелді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ӘЛ-Фараби ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, жеке тұлға сеніміне кіріп қайтарымсыз ақша қаражатын алып беремін деп сеніміне кіріп 1,3 миллион теңгесін алып, алдап кеткенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.
Осы орайда, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қала тұрғындарын бөгде адамдарға сеніп, алданып қалмауға кеңес береді.