Қызылорда облысының тергеу изоляторының шаруашылық бөлімінде 18 сотталған еңбек етуде
Қызылорда облысы ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөлімінде 18 сотталған еңбек етуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалпы шаруашылық бөліміндегі жұмыстарға жеңіл түрде қылмыс жасаған сотталғандар өз өтінімі бойынша қалдырылады.
Мекеме әкімшілігі сотталғандарды икем дағдыларына, білімдеріне қарай жұмыспен қамтып отыр.
– Менің дәнекерлеші мамандығына алған дипломым бар. Бостандықта жүргенде жеке көлік жөндеу шеберханасында жұмыс жасаған болатынмын. Енді міне сол кәсіби мамандығым бойынша жазамды өтеп жүріп, жұмыс тапқаныма мекеме басшылығы мен өтінішімнің орындалуына себепкер болған жасақ бастығы Н. Ниязовқа алғысымды білдіремін, – деді С.есімді сотталған.
Келесі бір сотталған мекеме аумағындағы жөндеу жұмыстарына тартылған. Б. есімді сотталған жатахана ғимаратының сыртқы жөндеу жұмыстарын (сылау мен әктеу) ерекше ынтамен атқарды.
Сондай-ақ бас бостандығынан айырылған адам бұл еңбегі тәрбиелік ықпалмен қатар, жазаны міндеттеушінің бірі болып табылады. Жыл басынан бері шаруашылық бөліміне қалдырылған 6 сотталған сот белгілеген шығындарын айлық жалақысынан ұстау барысында толықтай өтеп, төлеп шықты.
– Біздің тергеу изоляторындағы еңбек етіп жүрген азаматтардың барлық құқықтары қорғалған. Оларға жалақы төленеді. Зейнетақы қорына ақшалары аударылады. Сотталғандардың жұмыспен қамтылуы олардың пайдасына шешіліп, тек жақсылыққа бастайды, – дейді АКАӘПТЖ-ның бастығы А.Тұрманов.