Қызылорда облысында «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы» іс-шарасы өтуде
Қызылорда облысында «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы» іс-шарасы өтуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс көлемінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 29 қыркүйек – 2 қазан аралығында «Заңсыз жолаушы тасымалдаушы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның екі күнінде жол қозғалысы ережесін бұзудың барлығы – 935 дерегі анықталса, оның ішінде 117 дерегі шет елде тіркелген көлік құралдарының жүргізушілермен жасалған құқық бұзушылықтар.
ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабы(Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру) бойынша – 7, ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабы (Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бұзу) бойынша – 86 дерегі анықталды.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заңнамалық актісіне сәйкес, сақтандыру шартын жасасуға міндетті тұлғаның шартты жасаспаудың – 42 дерегі анықталып, 69 автокөлік айыптұрағына қойылды.