Шымкенттік полицейлер кабель ұрлаған ер адамды анықтады
Шымкенттік полицейлер кабель ұрлаған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 қыркүйек Абай АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Онда жер теліміндегі тойханасына белгісіз тұлға кіріп, ішінен құны 1 миллион теңге тұратын кабельдерін ұрлап кеткенін көрсетті.
Абай АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жергілікті тұрғын анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.