Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғынынан заңсыз дайындалған тапаншалар тәркіленді

Ақмола облысының тұрғынынан тапаншалар тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылғы 15 қыркүйекте тұрғылықты жері бойынша санкцияланған тінту жүргізу барысында Көкшетау қаласының 39 жастағы тұрғынынан құқық қорғау органдарының қызметкерлері атыс қаруын тауып алып, тәркіледі. Анықталғандай облыс орталығының тұрғыны «ВАРОN НК.S», «Cal 9 мм» маркалы старттық тапшаларына техникалық өзгерістер енгізу жолымен, ату қаруын заңсыз дайындаған. Барлығы алты старттық тапанша және бір револьверлік тапанша тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 288-баптың 1-бөлігі (Қаруды заңсыз жасау) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
Алдын алу іс-шарасы барысында тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, заңсыз сақталған атыс қаруын анықтау және алып қою, атыс қаруын қолдана отырып, қылмыс жасаудың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері қару иелерінің тұрғылықты жері бойынша, аңшылық алқаптарда, шалғайдағы шаруа қожалықтарында рейдтік іс-шаралар өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру