Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкенде сауда жасаған түлкібастық қыз дүкеншіні алдап кетті

Түркістан облысының полицейлері алаяқтық жасаған бойжеткенді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынды алдап, алаяқтықпен айналысқан бойжеткеннің қылмысын әшкереледі.

Мәселен, Түлкібас аудандық ПБ-ға дүкеннің сатушысы, яғни жергілікті тұрғын белгісіз азаматтың дүкенге келіп, азық-түлік заттарын алып ақшасын банк қосымшасы арқылы төлегенін айтқан. Алайда, бірер уақыттан соң ешқандай төлем жасалмағанын білген. Жәбірленушіге келтірілген шығынның көлемі 40 мың теңгені құрайды.

Аталмыш жайтты полицейлер ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алды.
Түлкібас ауданы полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Полицейлер күдікті азаматты дүкендегі бейнекамераның көмегімен анықтап, оны ұстауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүргізді. Күдіктінің түр-тұлғасына байланысты басқа да полиция құрылымдарына бағыттама берілді.

Нәтижесінде күдікті ретінде бойжеткен қыз анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Бүгінгі таңда күдікті азаматшаға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде ерекше сақ болуды сұрайды. Егерде алаяқтардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада «102» телефонына хабарласуды ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру