Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстық іздестіру күніне орай Маңғыстау облысы ПД-да қызметкерлер марапатталды

Қылмыстық іздестіру күніне орай Маңғыстау облысы ПД-да қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қазан – Қылмыстық іздестіру күні. Биыл осы саланың құрылғанына 103 жыл толды. Аталмыш мерекеге орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция саласының басшы құрамы, қызметкерлері мен сала ардагерлері қызметте қаза тапқан әріптестерінің рухына тағзым ету үшін ескерткішке гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап айтқандай, қылмысқа қарсы күрес, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау – ішкі істер органдары қызметкерлерінің басты міндеті болып табылады.

Сонымен қатар, осы күнге орай бірқатар қызметкерлер Ішкі істер министрлігінің және департамент басшысының атынан өз қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін және 2021 жылдың тоғыз ай бойынша жұмыс қорытындысымен жедел қызметте жоғары жетістіктерді көрсеткен үшін марапатталды.

ІІМ бұйрығымен “Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалімен Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Мелис Алхамов, “Ішкі істер органдарының үздігі” ІІ-дәрежелі төсбелгісімен Мұнайлы ауданы ПБ бастығының орынбасары полиция майоры Алибек Бекмурзин марапатталды.

Оған қоса, Маңғыстау облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция капитаны Сағдат Шоқыбаев пен ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қыдырболат Мұратбаев ҚР ІІМ Грамотасына ие болды.

Сонымен қатар, ПД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция капитаны Ержан Ізбасаров, Ақтау қаласы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Әділбек Бақыт ІІМ Алғыс хатымен марапатталса, Түпқараған ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция капитаны Нұрлыбек Ершораев пен Жаңаөзен қаласы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Айдарбек Өсербаевқа алғыс жарияланды.

Департамент бастығы Жанарбек Бақтыбаевтың атынан грамоталармен ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқарамасының аға жедел уәкілі полиция майоры Асет Каратаев пен Тұпқараған ауданы ПБ Криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция капитаны Ильяс Валиев марапатталды.

ПД алғыс хаттар Маңғыстау ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Елдос Нұржаубай мен Мұнайлы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Нұрғазы Шакировқа бұйырды.

Сонымен қатар, ведомство басшылығы Маңғыстау облысы ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Тимур Сулейменов пен Ақтау қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Ардақ Кубейдің ата-аналарына алғыс хаттар табыстады.

Жаңаөзен қаласы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция лейтенанты Мэлс Абылханға және Маңғыстау облысы ПД ТҚеБ АҚШ полицейі полиция аға сержанты Нурлан Курбангалиевқа ПД бастығының атынан алғыс жарияланды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру