Қарағандылық ер адам жаңадан танысқан әйелдерден ақша ұрлап кетті
Қарағандылық ер адам жаңадан танысқан әйелдерден ақша ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қазан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 42 және 50 жастағы азаматшалардан арыз түскен. Олардың арыздарына зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында екеуінің де бір күдіктіден зардап шеккендерін байқауға болады. Алдын ала тергеу барысында белгісіз азаматтың жәбірленушілердің сеніміне кіріп, ұтымды сәтті пайдаланып олардан ақша ұрлағаны белгілі болды.
Мәселен, бірінші жағдайда қаскөй 100 мың теңге ұрласа, екіншіде 500 АҚШ доллары (225 600 теңге). Аталған фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті анықталып, ұсталды.
Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді. Полиция қызметкерлерімен ұсталған азаматтың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.