Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтық бойынша күдікке ілінді

Павлодар облысында мектеп директоры алаяқтық бойынша күдікке ілінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Май ауданы ауылдарының бірінде ауыл тұрғынына микрокредиттік ұйымнан қоңырау шалып, 1 миллион теңге несие бойынша қарызын төлеуді талап еткен. Ол алаяқтықтың құрбаны болғанын біліп, дереу полицияға бұл факт туралы хабарлады. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Май ауданының полицейлері алаяқтық жасады деген күдіктіні анықтап, ұстады. Ол Май ауданындағы мектептердің бірінің директоры болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру