Ресейге аса ірі көлемде есірткі өткізу үшін сотталған ер адам экстрадицияланды
Ресейге аса ірі көлемде есірткі өткізу үшін сотталған ер адам экстрадицияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 259-бабының 4-бөлігінің «а» тармағымен сотталған Ресей Федерациясының азаматы Қазақстаннан Ресейге экстрадицияланды. Осы іс бойынша сот оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.
2009 жылдың мамыр айының басында сотталған К. есірткі және героинді сату арқылы заңсыз материалдық байытуға бағытталған ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны анықталды.
Қылмыскер ұсталып, Шығыс қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ОВ-156/15 қауіпсіздігі ең жоғары мекемесіне қамауға алынды. Мерзімнің көп бөлігі аяқталғаннан кейін сотталған Бас прокуратураға Ресей Федерациясына экстрадициялау туралы өтініш жазып, онда қазіргі уақытта оның отбасы мен туыстары тұратынын жеткізді. Ресей тарапынан қажетті ақпарат пен сотталғанды қабылдау туралы растауды алған ҚР Бас прокуратурасы жазасын өтеушіні экстрадициялауға келісім алды.
Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды экстрадициялау екі ел арасында жасалған шарттар негізінде жүзеге асырылады.
Бас прокуратураның мәліметінше, Қазақстан Ресей Федерациясымен, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь, Әзірбайжан, Армения, Грузия және Тәжікстан елдерімен экстрадициялау туралы келісім-шарттар жасасқан.