Ақмолада учаскелік полиция инспекторлары бір тонна арпаны ұрлаған күдіктіні анықтады
Ақмолада учаскелік полиция инспекторлары бір тонна арпаны ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қазанда сағат 21:00-ден кейін Ақкөл ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне ауыл шаруашылығы кәсіпорны басшысынан ұрлық туралы өтініші келіп түсті.
Алдын ала анықталғандай, арпа астық тоғы аумағынан ұрланған. Шығын сомасы 100 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Ақкөл ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторлары Д.Әлжан мен Н.Әбілов күдіктіні жеке ізге түсу барысында анықтады. Ол 37 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Аталған факті бойынша ұрлық бабы бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Баптың санкциясы 1 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе айыруға жазаланады.
Күдікті бұл әрекетін мойындады, оның облыстың басқа аудандарындағы осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.