Ақмола полицейлері тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарды анықтауда
Ақмола полицейлері “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтарды анықтауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында 1 қыркүйекте «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Үш ай бойы полиция қызметкерлері әрбір әкімшілік учаскені аралап, тексеруді, тұрғындармен әңгімелесуді, есепте тұрған адамдармен профилактикалық жұмыс жүргізуді жоспарлап отыр. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлері 103 мыңға жуық пәтер мен жеке үйлерді тексерді.
Сондай-ақ, учаскелік полиция инспекторлары мен ведомствоның басқа да қызметтерінің қызметкерлерінен арнайы құрылған мобильді топтар полиция есебінде тұрған 9 708 азаматты тексерді, олар бұрын сотталғандар, маскүнемдіктен, нашақорлықтан зардап шегетін адамдар, шартты түрде сотталғандар, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандар, сондай-ақ “қиын” жасөспірімдер.
“Учаске” кезеңінде соттар полицияның өтініші бойынша 47 ерекше талап белгіледі, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жол берген адамдарға қатысты 213 қорғау нұсқамасы шығарылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБК 73-бабы бойынша 184 жанжалқор әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін 30 хаттамалар толтырылды.