Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер өңірді табиғи қоқыстардан тазарту айлығын өткізуде

Ақмола облысында полицейлер өңірді табиғи қоқыстардан тазарту айлығын өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола полицейлері қаланы санитарлық тазалау, белгіленбеген орындарда қоқыс пен құрылыс қалдықтарын қалдырудың жолын кесу бойынша айлық өткізуде. Іс-шара өңір аумағында 30 қыркүйектен басталып, 30 қазанға дейін жалғасады.

Полиция мүдделі мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен, қоғам өкілдерімен және экобелсенділермен бірлесіп, белгіленбеген жерде қоқыс тастайтын жерлер мен олардың шығу көздерін, сондай-ақ қоқыс шығаратын ұйымдардың тізіліміне енгізілмеген қоқысты заңсыз тасымалдаушыларды анықтайды.
Сонымен қатар учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция қызметкерлері құрылыс қалдықтарын объектілерден қоқыс орнына дейін тасымалдауды бақылайды.

Бұзушылықтар анықталған кезде барлық кінәлі адамдарды, органдардың басшыларына дейін жауапқа тартады.
Ұйымдарға құқық бұзушылықтардың жасалу себептерін жою туралы ұсыныстар жеткізіледі, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі.

Сонымен қатар, «Участок» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полицейлер халыққа, кәсіпорындарға қоқыс шығару және жинау ережелері, сондай-ақ оларды бұзғаны үшін жауапкершілік туралы құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жадынамалар таратуда.

Жалпы, 2021 жылдың басынан бастап абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін ақмолалық полиция қызметкерлері 5558 бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру