Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған қоғамдық көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама түзілді

Түркістан облысында қауіпсіздік белдігін тақпаған қоғамдық көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама түзілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Заңсыз қайта жабдықталған, құрылысы келмейтін автобустар, жолаушылар мен жүктерді тасымалдайтын жүргізушілер, шетел азаматтарын заңсыз тасымалдаумен айналысатын автокөлік иелерін тексеру мақсатында Қазығұрт АПБ полицейлерімен «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында 10-нан астам қоғамдық көліктер мен автобустар тоқтатылып, тексерілді. Нәтижесінде қауіпсіздік белдігін тақпаған «Спринтер» маркалы автокөлік жүргізушісі анықталған.

Оған қатысты ӘҚБтК 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама түзілді.

Өз кезегінде Түркістан облысы ПД-нің полицейлері автокөлік иелері мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына ЖҚЕ қатаң сақтау және маневр жасау ережелерін бұзбау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру