Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауға өзге қалалардан келген 7 жеңіл жүрісті қыз ұсталды

Атырауға өзге қалалардан келген 7 жеңіл жүрісті қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 қазан күні учаскелік полиция қызметкерлері «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Сәтпаев көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің пәтерлерін жалдап алып, жезөкшелікпен айналысқан жеті қызды анықтады.Тексеріс барысында олардың Шымкент, Алматы және Тараз қалаларынан келгендігі, сонымен қатар олардың аталған пәтерлерде тіркеусіз тұрып жатқандығы белгілі болды.

Аталған азаматшаларға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 492-бабымен (Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәлiксiз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тiркеусіз тұруы) және ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен (Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ал пәтерлерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында жинақталған іс-құжаттар Атырау қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру