СҚО-да «Жолда қабылдау» акциясының бірінші күнінде әкімшілік полицейлер 200-ден астам сұраққа жауап берді
СҚО-да «Жолда қабылдау» акциясының бірінші күнінде әкімшілік полицейлер 200-ден астам сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Солтүстікқазақстандық полицейлер «Жолда қабылдау» акциясының бірінші күнінде 200-ден астам сұраққа жауап берді. Сұрақтардың басым бөлігі Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінде өткен тікелей эфирде келіп түсті.
Әкімшілік полиция басқармасы, көші-қон және жергілікті полиция қызметтерінің қызметкерлері – пайдаланушылармен байланыста ведомствоның жетекші бөлімшелерінің басшылығы мен тәжірибелі қызметкерлері болды. Жол қиылыстары мен айналма жолдардан өту ережелері, жүргізуші құжаттары мен автокөлікті тіркеу, жол белгілерін жаңарту – сұрақтар түрлі тақырыптар бойынша келіп түсті. Олардың әрқайсысына полиция қызметкерлері тікелей эфирде жауап беруге тырысты.
Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін, тікелей эфирдегі түсініктемелер арқылы сұрақтар қабылдаудан бөлек, полиция қызметкерлері Call-орталық (61-25-26) ашып, WhatsApp-қа (8-777-097-49-07) «қауырт желіні» қосты. Әлеуметтік желілердегі осындай эфирлерді аудандық бөліністердің полицейлері де өткізді.
СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжановтың айтуынша, ай сайынғы «Жолда қабылдау» республикалық акциясының мақсаты – полиция жұмысының сервистік моделі шеңберінде өтініш білдірген азаматтарға кеңестер беру, түсіндіру және көмек көрсету. Сұрақтардың бір бөлігі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, учаскелік полиция инспекторлары мен көші-қон қызметіне қатысты болды. Онлайн қарым-қатынас полицияның құзыретіне кіретін сұрақтарға уақтылы жауап беруге мүмкіндік береді.
Солтүстікқазақстандық сақшылар әлеуметтік желілердегі пайдаланушылармен тікелей байланысты сенбі күні де өткізбек. Instagram және Facebook алаңдарында тікелей эфирге төрт рет шығу жоспарланған.