Қостанай облысында 100-ден астам көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды
Қостанай облысының аумағында 15 және 16 қазанда “Жолда қабылдау” акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Акция аясында Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қайрат Дутпаев облыс тұрғындарын Қостанай облысы аумағындағы көші-қон жағдайымен таныстырды.
– Бүгінгі таңда пандемияға байланысты сыртқы көші-қон процестері айтарлықтай азайды. Егер бұрын облысқа 30-40 мыңнан астам азамат кірсе, қазір бұл ағын 3 есе төмендеді. Алайда облыс аумағындағы ішкі көші-қон процесі жоғары деңгейде қалып отыр, – деді Қайрат Дутпаев.
Сондай-ақ Қостанай облысында «Нелегал» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Мақсаты – көші-қон бақылауын күшейту, заңсыз көші-қон, адам саудасы фактілерінің жолын кесу, қылмыскерлерді іздестіру.
Бір апта ішінде 100-ден астам көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталып, 12 шетелдік сот шешімі бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығарылған.