Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Күшімді есептемей, өлтіріп алдым»: сотталған қылмысы туралы айтты

Ақмола облысында сотталған жасаған қылмысы туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталған Алексей Көкшетау қаласында туған. Автокөлік жөндеушісі болып жұмыс істеген. Бүгін ол қылмыс жасаған күнді еске алды.

– Бірнеше жыл бойы көрмеген Пашкамен кездестім, іштік, бәрі жақсы болды, өткенді еске алдық. Ол менің жас кезімнен келе жатқан досым, шу шығара бастады, мен оны тоқтатуға тырыстым, екеуіміз де мас болдық, төбелесе кеттік, күшімді есептемей, өлтіріп алдым. Тек сот отырысында мен үйге қайтып келмейтінімді түсіндім, – дейді ол.

Оң сипаттағы сотталған Көкшетау қаласының жұмыс нысандарының бірінде – жүк көлігіне техникалық қызмет көрсету станциясында жұмыс істейді. Адамгершілігін және жарқын болашаққа деген сенімін жоғалтпай, өз талаптарын өтейді.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 103-бабының 3-бөлігімен сегіз жыл жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеу және алкоголизмнен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды. Бостандықта зейнеткер анасы, жоғары сынып оқушысы – қызы қалды.

– Колонияда көп жұмыс істеуге тырысамын, бір күн де бос отырған жоқпын. Жұмыс істеп жүргенде жаза мерзімі тезірек өтеді. Мерзімнің аяқталуына бір жылдан аз уақыт қалды, жәбірленушінің әйелі талап арызды толық өтеуді сұрайды. Төлеп жатырмын, онымен бірнеше рет хабарластым, соманың жартысын төлеп және қалған бөлігін босатылған соң өтеуді ұсындым, бас тартты, – деп бөлісті сотталған.

Мекеме әкімшілігінің арқасында Алексей жүргізуші куәлігін қалпына келтірді.

– Мен колонияда көп уақыт өткізгеніме өкінемін, қызымның қалай өсіп келе жатқанын, қалай оқу бітіргенін және жұмыс істеп жатқанын көрмедім. Анамды аяймын, оған қиын болды, ал қазір де оңай емес. Олар қалада тұрады, бірақ осы уақыт ішінде бір де бір рет көріспедік, мені колонияда отырғанымды көргенін қаламаймын, – дейді Алексей.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру