Бір пәтерді бірнеше адамға сатып жіберген шымкенттік алаяқ анықталды
Бір пәтерді бірнеше адамға сатып жіберген шымкенттік алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қазанда Абай АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз азамат үйін 16 000 АҚШ долларына сатып алып, алайда аталған пәтерді заңсыз бірнеше адамдарға алаяқтық жолмен сатып жібергенін жазып көрсеткен.
Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, ұсталған азамат тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.