Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полицейлері ауқымды арнайы іс-шара жүргізді

Алматы полицейлері ауқымды арнайы іс-шара жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нәтижесінде шаһарда марихуана сатумен айналысқан есірткі сатушылар ұсталды. Бұл топқа 35 пен 52 жас аралығындағы Алматы облысының бес тұрғыны кіреді. Негізгі тұлға – 1983 жылы туған Д.есімді азамат.

– Жедел және арнайы іс-шаралар нәтижесінде күдіктілердің қылмыстық әрекеті дәлелденді. Анықталғандай, есірткі заттары – марихуана және аса ірі мөлшердегі гашишты Д.есімді азамат Жамбыл облысынан жеткізеді. Күдіктінің жолын «Дарабоз» ықшамауданында «Мерседес» арнайы жасақ бөлімінің қызметкерлері бөгеп тастады. Көлікті және күдіктілердің тұрғылықты жерін рұқсат етілген тінту барысында 8 жарым келіден астам есірткі табылды және тәркіленді. Атап айтқанда, «гашиш» – 4 кг. 216,13 гр. және «марихуана» – 4 кг. 361,01 гр., – деп хабарлады, Алматы қалалық ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Сонымен қатар спикер, қылмыстық кәсіпті ұйымдастырушыға тиесілі үйде үш бірлік атыс қаруы табылғанын және тәркіленгенін, олардың екеуі Жамбыл облысында ұрланғандардың тізіміне кіреді. Тағы бір қарудың шынайы кімге тиесілі екендігі мен шығу тегін тергеу тағайындаған сот-баллистикалық сараптама анықтайтындығын айтты.

Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне есірткіні заңсыз сату және атыс қаруын заңсыз сақтау фактісі бойынша бірден екі қылмыстық іс тіркелді.

Күдіктілер ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру