Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында аса ауыр қылмыстар саны азайды

Павлодар облысында аса ауыр қылмыстар саны 56%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметі көшелер мен қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті нығайтуға, қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етуге және қылмыстарды ашуға бағытталған.

– Қабылданған шаралардың арқасында 2021 жылдың тоғыз айында аса ауыр қылмыстар саны 56%-ға азайды. Барлық аса ауыр қылмыстар ашылды, олар кісі өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, қарақшылық, қорқытып алушылық және бұзақылық. 41 есірткі қылмысы, оның ішінде есірткіні өткізудің 27 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 346 келіден астам есірткі құралдары, оның ішінде 338 келіден астам марихуана, алты келіге жуық гашиш және бір келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленді, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.


Нұрлан Мәсімов атап өткендей, алаяқтықтың өсуі байқалады, бірінші кезекте – ақпараттық технологиялар (интернет-алаяқтық) саласында жасалған құқық бұзушылықтар немесе қызметтің түрлі салаларын цифрландырумен байланысты “байланыссыз” алаяқтық. Зұлымдық жасаушылар, тіпті басқа елде болса да, бұл қылмыстарды жасай алады.

Осыған байланысты полицейлер азаматтарға қырағы болуды, жеке ақпаратпен бөліспеуді ЕСКЕРТЕДІ, оның ішінде: ақпаратты банк карталары, ПИН-кодтар, ЖСН бойынша беру, өз деректерін СМС арқылы жіберу, жеке куәліктердің көшірмелері, банктік шоттарға байланған ұялы телефон нөмірлері, өйткені алаяқтардың айла-амалдарына түсіп қалу мүмкіндігі бар. 

Айта кету керек, Мемлекет басшысының халықпен жұмыс істеудің жаңа заманауи форматтарын енгізу, “халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасын орындау туралы Жолдауын орындау аясында, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту мақсатында Павлодар облысында 102 мобильді қосымша іске қосылды, облыс орталығында орталық жағалауда “SOS”батырмалары орнатылды. Қаланың ең криминогендік учаскелерінде 5 модульді полиция бекеттері орнатылды, бұл көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ полицияны халық үшін ашық әрі қолжетімді етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру