“Автокөлік орталығының менеджерімін”: алаяқ қызылордалықты 27 млн теңгеге алдап кетті
Алаяқ қызылордалықты 27 миллион теңгеден астам ақшаға алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 қазан күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне 25 жастағы қала тұрғыны алаяқтық фактісі туралы арызданған.
Тексеру барысында тамыз айында алаяқ азамат Toyota орталығында менеджер болып жұмыс істеймін деп сеніміне кіріп, орталық арқылы автокөліктерін сатып беремін деп Tоyota Higlander және Tоyota Camry 70 үлгісіндегі автокөліктерді иемденіп алған. Осылайша, алаяқ қала тұрғынын алдап жүріп, автокөлігін сатып жіберген.
Қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын біліп, Қызылорда қалалық Полиция басқармасына жүгінген. Жәбірленушінің 27 миллион 600 мың теңге соммасындағы ақшасын иемденген.
Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, осы жайтқа қатысты 27 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Қазіргі таңда күдікті азаматтың бұрын соңды алаяқтық іспен айналысқаны дәлелденді.
Аталған жәйт бойынша Қазақстан Республикасының 190-бабының 4-бөлігімен (Ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен) сотқа дейінгі тергеу әрекеттерін жүргізуде.