Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында алаяқ тұрғынды алдап кетті

Түркістан полицейлері мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны шығарып беремін деп, алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, алаяқтың құрбаны болғанын айтып шағымданған. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған танысы “мемлекет тарапынан жәрдемақы шығарып беремін” деп, сеніміне кірген. Содан жәбірленуші алаяққа 1,3 миллион теңге ақша берген. Ал, танысы болса ақша алғаннан кейін уәдесін орындамай, ақшасын қайтармай қойған.Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, күдіктінің жеке-басын анықтап, оны ПБ-ға жеткізді. Ол жергілікті әйел тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай полиция қызметкерлері ұсталған әйелдің тұрғыннан алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жібергенін анықтады. Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қаржы мәселелерін шешуге күмәнді көмек ұсынатын бейтаныс адамдарға мұқият болу және артық сенімсіздік көрсетпеу қажеттігін ескертеді. Егер осындай қылмыстардың құрбаны немесе куәсі болсаңыз бірден “102” телефоны бойынша полицияға тез арада хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру