ҚР ІІМ орынбасары Атырау облысына арнайы іссапармен келді
ҚР ІІМ орынбасары Атырау облысына арнайы іссапармен келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жұмыс сапары аясында министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев Атырау облысы ПД басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында жария еткен полицияның сервистік моделінің енгізілу барысын, сондай-ақ “Халық үніне құлақ асатын мемлекет” тұжырымдамасының іске асырылу барысын айтып, кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін жоспарланған өзгерістерді атап өтті.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары өңірдегі Полиция департаментінің бірқатар нысандарын аралады. Олардың қатарында полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ететін Атырау облысы Полиция департаменті жанынан ашылған азаматтарды қабылдау кеңсесінің жұмысын тексеріп, Атырау облысы ішкі істер органдарының тарихынан сыр шертетін музейдің экпозицияларымен таныс болды.
Сондай-ақ министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев учаскелік инспекторлардың халықпен жұмысының жаңа форматының сапасымен танысты.
– Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге білім беру, денсаулық сақтау органдарын, коммуналдық қызметтерді және жұртшылықтың кең тобының өкілдерін тарту қажет, – деді Мұрат Баймұқашев.