Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған екі әйел сотталды

Қызылордада бірнеше мәрте алаяқтық жасаған екі әйел сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада 45 және 54 жастағы азаматшалар 2017 жылдың тамыз айынан бастап «төмен пайызбен қомақты несие алып береміз» деп екі тұрғынның сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен ірі мөлшерде ақшаларын алып кеткен.

Жалпы жәбірленушілерге келтірілген шығын 4 млн 850 мың теңгені құрады.

Тергеу барысында күдікті азаматшалардың жасаған алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, олардың іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қалалық сотының үкімі негізінде сотталушының біріне 3 жыл мерзімге және екіншісіне 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру