Ақтөбелік полицейлер үйінен кетіп қалған 16 жастағы қызды аман-есен тапты
Ақтөбелік полицейлер үйінен кетіп қалған 16 жастағы қызды аман-есен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
26 қазанда қалалық полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын арызданды. Анасының айтуынша, кәмелетке толмаған қызы таңертең 07:00-де үйден кетіп, қайтып оралмаған.
Полицейлер қыздың таныстары мен сыныптастарынан сұрастырды. Жоғалған адамның белгілері бар бағдарлар патрульдік полиция нарядтарына берілді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде полиция жоғалған қызды Жилянка аймағынан тапты.
Тәртіп сақшылары 16 жастағы мектеп оқушысын аман-есен ата-анасына қайтарды.
Анықталғандай, қыз бала анасымен ұрысып, жанжалдасып үйінен кетіп қалған.