СҚО-да жыл басынан жаяу жүргіншілердің қатысуымен 41 жол-көлік оқиғасы орын алды
СҚО-да жыл басынан жаяу жүргіншілердің қатысуымен 41 жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері жыл басынан жол жүрісі қағидаларын бұзғаны үшін 4611 жаяу жүргінші мен жол жүрісінің басқа да қатысушыларын жауапкершілікке тартты.
Басым бөлігі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткендер немесе бағдаршамның тыйым салынған түсіне өткен жаяу жүргіншілер. Бірер минутты үнемдейміз деп, өміріне қауіп төндіреді, тіпті өз өміріне ғана емес, өзгенің де… Соғылудан қашқақтаған жүргізуші, жаңылып, авария жасауы мүмкін.
– Жол-көлік оқиғаларының талдауы: жыл басынан облыста 41 ЖКО төрт адам қаза тапқанын және 39 жаяу жүргінші жарақат алғанын көрсетті, — дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасы бастығы Айдын Байматов. — Оның ішінде екі адам қаза тауып, 11-і жарақат алған 13 оқиға жаяу жүргіншілердің кінәсынан болған. Күн суытардың алдында бұл мәселе өзекті болып қалуда. Дымқыл асфальт, мұз бен қатқан қар көлікті тежеуге қиындық келтіретінін түсінген дұрыс. Күтпеген жерден, әсіресе жақын келе жатқан көліктің алдынан, тоқтап тұрған көліктерден, өсіп тұрған бұталардың арасынан жолдың жүру бөлігіне өту аса қауіпті. Белгіленген жерден жолдан өту кезінде көліктердің барлығы сізді өткізуге үлгеретіндігіне көз жеткізу керек.
Полицейлер: алғашқы қар түскен күндерде қауіп аса жоғары болатынын, өйткені жүргізушілердің біразы жазғы доңғалақтарымен жүретіндіктерін атап өтті. Сондай-ақ тәртіп сақшылары жолдан өтер кезде телефон қолданбауға, құлаққапты шешуге кеңес береді. Жастардың капюшон киіп жүруге әуестігі көру аймағын шектеуге әкеледі.
Сондай-ақ полицейлер ата-аналардан балаларға Жол жүрісі ережесі туралы айтуды және оларды өздері қатаң сақтауды сұрайды. Ересекердің көрсеткен үлгісі – аса маңызды және жас жаяу жүргіншілердің өмірі көбіне ата-аналарының жолдағы қауіпсіздік шараларын ұстануға байланысты болады.