Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік ерлі-зайыптылар алаяқтықтың құрбаны болды

Өскемендік ерлі-зайыптылар алаяқтықтың құрбаны болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 қазанда Өскемен қаласының полиция басқармасына 31 жастағы ер адам жүгінді, ол ағымдағы жылдың мамыр айынан тамыз айына дейінгі уақыт аралығында оның досы сенімге кіру жолымен екі миллион теңге мөлшерінде ақша қаражатын қарызға алып қайтармағанын айтқан.

Белгілі болғандай, алаяқ 500 мың теңгеге жуық бастапқы соманы қолхатпен қарызға алған, ал біраз уақыттан кейін қайта келіп, әйеліне шұғыл операция қажет деп несие ресімдеуді сұраған. Досының өтінішіне келіскен ол қала банктерінің бірінде өз атына 1 500 000 теңге сомасына несие ресімдеген. Келтірілген шығын шамамен екі миллион теңгені құрады.

Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлер бұрын сотталмаған, жұмыссыз, қаланың 32 жастағы жергілікті тұрғыны болып шыққанын анықтады.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясы екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру